////

Жазғы демалысты тиімді өткізгіңіз келсе,  Балдырған ойын лагері шақырады

2440 рет қаралды

Көкөзек орта мектеп-бақшасында мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы лагерь ойын алаңы жұмыс істейді. Лагерьде ойын алаңындағы әр күннің тақырыбына сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Жазғы лагерь жалпы 40 бала, 1 кезеңде 20, 2 кезеңде 20 баланы қамтыды.

Мектеп жанындағы ойын алаңыңдағы әр күн қабылдаудан басталады. Одан кейін салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында таңғы жаттығулар жасалады. Балалар ойын алаңында күн ұзағына түрлі шараларға қатысып, жазғы демалыстарын тиімді, әрі қызықты өткізуде.

Ойын алаңына қатысушылар үшін «Көңілді гимнастика» спорттық іс-шарасы, «Өз жолымды іздеймін», «Бала шақтан болашаққа» тақырыбындағы тренингтер, «Әдепті бала» өлеңді аяқтау ойыны, Ауызша волейбол» ойыны сияқты көңілді шаралар өткізіледі. Туған жерін құрметтеп, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелейтін «Қазақ елі», «Алдаркөсе», «Мұзбалақ», «Наурызбай батыр», «Алып Қажымұқан» сияқты отандық мультфильмдер көрсетіледі. Оларды кітап оқуға баулу мақсатында «Ең күштісін таңда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Егер қолыңнан келсе…» шарасында балалар шығармашылық тапсырмалар орындайды. Кітапханашының ұйымдастыруымен «Мен қай ертегіденмін?» атты балалар қызықты ертегілер кейіпкерлерімен таныс болды. Іс-шараның мақсаты халқымыздың қымбат қазынасы ертегілерді дәріптеу. Сонымен қатар, демалушылар қалаған кезде караокемен ән айтып, сурет салды.

Жазғы лагерьде күрмеуі шешілмеген қандай мәселелер бар екенін білгіміз келіп, мектеп жанындағы жазғы лагерь ойын алаңының бастауыш сынып мұғалімі М.Жұмановаға  бір екі сауал қойған ендік. Мұғалімнің айтуынша ең бірінші, жазғы лагерьге арнайы интерактивтік тақта қажет екен, кітапханада балаларға арналған кітап қоры, мысалы: ертегілер, логикалық жұмбақтар, жаңылтпаштар және ойын алаңдары, ойнайтын спорттық құрал-жабдықтармен қамтылғаны нұр үстіне нұр болар еді.

Көкөзектегі «Балдырған» жазғы лагерь ойын алаңы балаларға жақсы көңіл-күй сыйлаған, жазғы демалысты әсерлі, қызықты, пайдалы, тиімді өткізуге мүмкіндік берген орын болды.

Нұржан Құмар,

ШҚО Үржар ауданы Көкөзек ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі