//

Әйелім мен қызымды есірткіге айырбастадым дейді емделуге келген Максим

404 рет қаралды

«Басында әр түйіршігінен ләззат аласың, уақыт өте келе эйфория басылады. Сол кезде ештеңе сезінбесең де, қолдануың керек». Осылай деген Сұлтан бес жылдан бері өмірін есірткісіз елестете алмайтынын жеткізді. Екі күн шыдап жүруі мүмкін, бірақ үшінші күні «синтетиканы» іздеп кететінін жасырмады.

Ал 32 жастағы Максим ағзаны ірітпей тынбайтын жұлынқұрт кесірінен келіншегі мен қызынан қол үзген.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығына», есірткіге тәуелділіктен арылғысы келетін емделушілермен тілдесіп қайтқан журналистің репортажын ұсынамыз.

«Әскерден келген соң спортпен айналысуға немесе дұрыс бағытта дамуға бірде-бір қызығушылығым болмады. Анаша шеккім келді. Уақыт өте келе тәуелді бола бастадым. Аңшылық пен балық аулауды ұйымдастыратын фирмада жұмыс істедім. Сонымен қатар 12 жыл қоян-қолтық ұрыспен айналысқанмын», – дейді Сұлтан.

Сұлтан қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Орталыққа бірінші рет келіп отырған жоқ. Бұған дейін бес рет ем қабылдаған. Бірақ сөз жүзінде ғана. Өйткені жақындары орталыққа мәжбүрлеп жатқызған соң, бас тартудың орнына, керісінше есірткіге одан сайын жақындай түскенін айтады. Десе де, бұл жолы саналы түрде есірткіге тәуелділіктен арылуға шешім қабылдапты.

«Анам өмір бойы мұғалім болған кісі. Әкемнің құрылыс компаниясы бар. Есірткі абыройсыз етті. Достарыңнан айырыласың. Туған-туыстың саған деген сенімі жоғалады. Күніне есірткі алуға 15-20 мың теңгеден кететін. 30 мың теңгеге де сатып алып отырдым», – дейді Сұлтан өкінішпен.

32 жастағы Максим есірткіден бас тарту оңайға соқпайтынын жақсы біледі. Алты жыл есірткі қолданған ол бар абыройынан айырылған. Оның да ағзасын жалмаған – «синтетика». Орталықта емделіп жатқанына төрт ай болған. Жақында шығатынын қуана жеткізді. Ендігі жоспары – келіншегі мен қызынан кешірім сұрау, отбасымен қауышу.

«Менің алты жасар қызым бар. Қызым үшін осы орталыққа келіп, емделуге бекіндім. Орталыққа өз аяғыммен келдім. Ломбардта жатқан смартфонымды сатып алдым да, қоқысқа тастадым. Кешке осы жерге келдім. Бұған дейін «нашақорлар арасында жүріп, нашақорлықтан қалай арылуға болады» деп ойлаушы едім. Шындығында олай емес екен», – дейді Максим.

Ол мұнай компаниясында ревизор болып жұмыс істеген. Әрі авто-спортпен шұғылданған. Кейін жұмысынан айырылған. Үйінде бос жатқанда біреудің есірткі сатып алуына, енді біріне сатуға көмектесіп, одан сайын «ойынға» араласа бастапты.

Иә, мен ажырасқанмын. Отбасымды қайтару үшін осы жерге келдім. Жақында орталықтан шығамын. Қазір есірткі қолдану ойымда да жоқ. Спортты қайта қолға алдым, – деп отыр Максим.

Нарколог-психиатр Тоқтар Қойшыбеков соңғы кезде героин қолданатын нашақорлардың саны сиреп, керісінше синтетикаға тәуелділердің қатары көбейіп бара жатқанын айтады.

Нарколог-психиатр жастардың дені «синтетикалық есірткі» тұтынуға әуестеніп алғанын айтты

«Орталыққа келетін «синтетика» тұтынушылардың дені ауыр халде, терең психозбен және орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуымен түседі. «Дәстүрлі» есірткінің орнын синтетикалық қоспалар алмастырды. «Альфа-ПВП», «мефедрон», «фен», «спид», «кристал» дейтін түйіршіктер мен ұнтақтар дәмін татқан адамды ақылдан айырады, ағзасын улайды», – дейді маман.

«Синтетиканың» қазіргі таңда ең көп таралған әрі жастар арасында «тренд» болып жүрген «тұз» дейтін түрі бар. «Тұзды» қолданған кезде адам бірте-бірте апатия мен депрессияға ұшырайды, оқуға, жұмысқа деген қызығушылығын жоғалтады.

Керісінше адамда ұйқысыздық, өз-өзінен дүрбелең туғызу, паранойя, есту галлюцинациясы туындайды. Орталықта осындай белгілермен түскен 800 адам ем қабылдап жатыр. Басым бөлігі – 29-30 жаста. Ал республика бойынша есірткіге тәуелді 19 мың адам есепте тұр.

Наима Нұрәлі, Нұрсұлтан қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Фишинг дегеніміз не?

Фишинг (Phishing) дегеніміз интернет арқылы жасалатын шабуылдардың бірі. Бұл шабуыл көбінде электронды пошта арқылы жасалады. Ондағы