///

Өскеменде облыс әкімі мен қала әкімінің отставкаға кетуін талап еткен шеру өтті

2055 рет қаралды

18 тамызда Өскемен қаласының Металлургтер сарайының алдына бірнеше азамат наразылыққа шықты. Жергілікті блогер Александра Осипова өз инстаграмм парақшасында наразылықты тікелей эфирден көрсетті. Тікелей эфир авторының эфирге берген комментарийлерінен белгілі болғандай, Бипэк-Авто компаниясының акционерлік директоры Анатолий Балушкин митинг өткізу туралы жергілікті әкімшілікке арыз өткізген.

Өскемен қаласының ішкі саясат қызметкері азаматтардың алдына шығып митингке ресми рұқсат берілмегені туралы және осыған байланысты азаматтарға тез арада алаңды босату қажет екені туралы хабардар етті. Дәл сондай ескертуді прокуратура қызметкері де оқып берді. Алайда алаңға шыққан азаматтар тарағысы келмей, прокуратура қызметкеріне наразылықтарын айтып жатты.

Наразылыққа шыққан Өскемен қаласының тұрғындары Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың отставкаға кетуін талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың соңында Қазақстан Руспубликасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Анатолий Балушкинге тиесілі компаниялар тобын «жаңа зауытты іске қоспады, өнеркәсіптік жинау шарттарын бұзды және Республика алдында өндіріс процесстерін орындамады» деген қорытынды жасап, келісім шартты біржақты бұзған болатын. Шенеуніктер бюджеттің жетіспеушілігін 174 млрд теңгеге (шамамен $412 млн) бағалаған.

«10 наурызда “БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО” (Өскемен) компаниялар тобының 2000-ға жуық қызметкері жұмыстан босатылады», – деп хабарлады  Қазақстандық ресурс Tengrinews.kz.

Ірі кәсіпкер Анатолий Балушкниге ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот күзетпен ұстау (сырттай) түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап және іздестіру жарияланған болатын.

Еліміздегі қаңтар оқиғаларынан кейін Анатолий Балушкин Президенттен Масимовтарды, Маминдерді және Ерғожиндерді жазалауды сұрап, хат жолдаған еді. Хатта ол өзінің рейдерлік жаулап алудың құрбаны болғанын жазған.

Жұлдыз Ақтанжанова,

ШҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі