//

Принц Чарльз неге Карл ІІІ атанды?

902 рет қаралды

2022 жылдың 8 Қыркүйегінде Ұлы Британия Патшайымы Елизавета II (Elizabeth Alexandra Mary Windsor) өмірден өтті.

Елизаветта II 1952 жылы 6 ақпанда әкесі Георг VI өмірден өткен соң Британия тағына ие болды. Ұлы Британияны 70 жыл билеген монархтың өмірден өтуі ұлыбритандықтарды біраз жабырқатып кетті. Қазір елде 10 күндік қаралы күн жарияланған.

Оның орынына ұлы Чарльз III (Prince Charles Philip Arthur George of Edinburg) таққа отырды.

Дәл осы принц Чарльздің есімін орыс тілді баспасөз оқырмандарына Карл ІІІ деп таныстырды. Бұл ақпарат біздің қазақ оқырмандарын біраз абдыратты. Тіпті біраз журналистердің өзі Корольдар неге атын өзгертеді?” деп сұрап жатты.

Менің білуімше, ол жалған ақпарат. Шын мәнісінде Ағылшын монархтарының аттары былайғы әлемге неміс, латын тіліндегі транскрипциясы бойынша тәпсірленеді. Ал ақпаратты орыс тілі арқылы қабылдайтын қазақ қоғамы мүлдем орыс тілінің трнскрипциясына бағынады.

Қортындылай келсек қазіргі сәтте Британия тағын иеленіп отырған Карл III аты-жөнін өзгерткен жоқ. Бұған дейінгі Чарльз І мен Чарльз ІІ басқа әлем Карл деген, бірақ ол ағылшынша Чарльз, әрі Чарльз боп қала береді. Чарльз ІІ тұсында корольдардың абсолют билігі тарылып, Парламент пен Премьер министрдің билігі кеңінен қанат жая бастаған екен. Ал қазір корольда мүлдем билік жоқ. Әрине заңдарды бекітеді, Премьер-министрлерге батасын береді. Бірақ Елизавета ІІ 70 жылдық тарихында Парламент пен Премьер министрдің бірде бір шешіміне қарсылық білдірмеген екен.

Ақтанай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар