///

400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты кім ала алады?

8458 рет қаралды

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық  жобасы жұмыс істегелі де үшінші жылға аяқ басты. Биыл осы бағдарламаға аздап өзгерістер енгізілген екен. 

Әсіресе 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты алудың ережесі мен талаптары өзгерген. Ол қандай өзгерістер?

400 АЕК көлеміндегі грантқа үміткер бола алатындар:

Көріп отырғандарыңыздай қайтарымсыз грантқа үміткерлер тізімінде «Жастар» гарфасы жоқ, демек жастар биылдан бастап 400 АЕК көлемінде берілетін қайтарымсыз грантқа үміткер бола алмайды.

Қайтарымсыз грантты алу жолдары:

Ал 35 жасқа дейінгі жастарға мемлекет тарапынан 2.5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Жеңілдетілген несиені алу үшін міндетті түрде жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл қойылу қажет.

Жұмыссыз азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқытуда шартыда бұрынғыдай емес: қазір кәсіптік оқытуды тек жұмыс берушілердің сұратуы бойынша ғана оқытылатын болған.

Қазіргі күндері инстаграм мен тик-ток желісінде хит болып тұрған жоба: жұмыс орындарын субсидиялау жобасында да үлкен өзгерістер бар. Жұмыс орындарын субсидиялау бірнеше бағдарламадан тұрады:

Жалақысы: жұмыс беруші белгілейді, жұмыспен қамту орталығы ішінара жабады, бірақ 30 АЕК көлемінен аспайды (1 жыл жалақының 70%-ы, 2 жыл жалақының 65%-ы, 3 жыл жалақынң 60%-ын субсидиялайды);

Осы жұмыс орындарын субсидиялау әлеуметтік желіде хит болып жатқанын айтқанбыз. Кейде мемлекеттің пайдалы бағдарламасын жеке пайдасына жұмсағысы келетіндер де табылары хақ. Осы жобаның пайдасы мен жұмыс орындарын субсидиялауды қалай бақылайтынын білу үшін Кеген аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Біләл Мәсімбаевпен сұхбаттастық:

– Осы жобаны түсіндіре кетсеңіз

– Біз міне Кеген ауылында халықпен кездесу өткізіп жатырмыз, өйткені қазіргі заманға жұмыспен қамту бойынша қажетті жобаның бірі. Мемлекет тарапын көптеген көмектер берілуде. Жаңағы атап өткеніміздей «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты» дегендей. Өте керемет жақсы бағдарламалар. Қайтарымсыз гранттар да, жастарға арналған 2.5 % жеңілдетілген несиелер де. Қазіргі бағдарламалар керемет. Оған кез-келгені қатыса алады.

– Ендігі мәселе жұмыс орындарын субсидиялау жайында. Өзіміз естіп жүргендей кейбірі «туысымның кәсіпкерлігі арқылы жұмыс орындарын субcидиялау бойынша үйде жатып ақша ала берем» деген де жағдайлар аз емес. Оны алдын-ала қадағалайтын жолы бар ма?

– Оны біз өзіміз қадағалаймыз. Мысалы бізде қазір айтып кеткендей шаруа қожалығындағы азамат, өзінің әйелі жұмыссыз. Өйткені әйелі екеуі бірге жұмыс істеп отыр, күйеуі шаруа қожалығын жүргізіп отырса, әйелі сиыры сауады. Бірақ бұл жерде бір отбасында болса біз субсидиялаймыз. Ал егер басқа жаққа барып жұмыс істейтін болса алғашқы бір айда бақылаймыз, сосын әр квартал сайын тексері тұрамыз.

Мемлекеттің жобалары мен бөлінген қаржысыда жаман емес, бірақ осы жобалардың сәтсіз болуына да әсер ететін бірнеше фактор бар. Оның ең бастысы – өтірік есеп. Оларды келесі материалдарға арқау етсек жарар. Жобаның плюсі мен минусы уақыт еншісінде.

Мақпал Шадан, 

Алматы облысы, 

Кеген ауданы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі