//

ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды

1143 рет қаралды

27 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы республика бойынша Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткен күннен бастап он күн мерзім ішінде анықтайды және жариялайды.

20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. 27 наурызда аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындылары шығарылды.

Сайлаушылардың нақтыланған тізімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы сайлаушыларының жалпы саны 12 миллион 035 мың 578 адамды құрады.

VIII сайланымның партиялық тізімдер бойынша сайланатын 69 депутатын сайлауда барлығы 6 миллион 366 мың 441 адам дауыс берді.

Жалпы республика бойынша сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:

Amanat партиясы – 53,90%
Ауыл – 10,90%
Respublica – 8,59%
Қазақстан Халық партиясы – 6,80%
Ақ жол – 8,41%
ЖСДП – 5,20%
Байтақ – 2,30%
Бәріне қарсы – 3,90%

Осылайша, дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, саяси партиялар бойынша депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінеді: «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6, «AMANAT» партиясы – 40, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4, «Қазақстан Халықтық партиясы» – 5 және «Respublica» – 6 мандат алады.

Үш партияның мәжіліске баратын депутаттарының тізімі:
✅ “Қазақстан халық партиясы” (коммунистер) атынан Мәжіліске 5 адам барады:
Магеррам Магеррамов
Ирина Смирнова
Гаухар Танашева
Кенжеғұл Сейтжан
Ислам Сұңқар;
✅ “Ақ жол” партиясынан Мәжіліске 6 адам:
Азат Перуашев
Ерлан Барлыбаев
Ержан Бейсенбаев
Дәния Еспаева
Қазыбек Иса
Асқар Садықов;
✅ Respublica партиясынан Мәжіліске 6 адам барады:
Айдарбек Қожаназаров
Динара Шүкіжанова
Динара Наумова
Руслан Берденов
Нұргүл Тау
Олжас Кұспеков.
Енді үш партия аманат, ЖСДП, Ауыл тізімі қалды.
Дереккөз: ОСК
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі