//

Сән және ою-өрнек: ұлттық стильдің көрінісіне айналған этно киімдер

2634 рет қаралды
Әр халықтың мәдениетінің ерекше жарқын бөлігі – ұлттық киімдер мен бұйымдар. Дәл солай, қазақи нақышты әшекей бұйымдар мен заманауи стильді киімдер жана демге ие болып жатыр.

Сұраныс саны өскен аксессуарлар еліміздегі қазақ жастарымен қатар шет елдерді бағындыруда. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана көпшілік арасында қазақи нақыштағы киімдерді тек жасы үлкен адамдар киеді деген стереотип қалыптасқан болатын. Ал қазіргі таңда ұлттық бұйымдар мен киімдер барлық жас аралығындағы адамдар арасында кеңінен таралған. Ою-өрнек кез келген стильге сәйкес келеді. Оған дәлел – отандық дизайнерлердің қолөнер жұмыстары. Қазақи бас киімдердің күнделікті өмірдегі панама мен қалпақтардан ерекшелігі оның ұлттық нақыштағы тарихи оюлармен, тастармен безендірілуінде. Ондағы әр өрнектің өзіндік мағынасы, сыры бар. Мысалы, көбінесе қошқар мүйіз, өркеш оюлары ұлттық киімдердің безендірілуінде қолданады. Тарих айнасында бұл оюлар береке-бірліктің символы болып саналады.

Ұлттық стиліміздің дамып келе жатқаны соншалық кейбір тойларда дресс-кодтың қазақи нақышта болуы той иелерінің сұранысына айналып жатады. Соның бірі әнші-блогер C.C.TAY ерекше образды ұсынған кеш ұйымдастырды.
Елімізде көптеген этностық мотивтегі дүкендер өз жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Шапан, бас киімдерді Ұлыбритания, Франция және басқа да елдерге сый ретінде алатынын, шет ел азаматтары тапсырыс беретінін атап өтті. Дизайнер Айсұлу Құрманова өзінің ұлттық бұйымдарға жақын екенін айтып, жастардың өз тарихын ұмытпай, насихаттап жүргенін қалайды. Ал өткенін құрметтейтін адам ұлттық киімдерді де киіп жүретінін айтады. Болашақта Айсұлу ханым айдентикамызды сақтап, спорттық үлгідегі киімдерді шығаруды мақсат етеді. Ішкі нарықтағы әр тақия – эксклюзив. Әр бас киімнің тасы, бояуы мен өрнектері бір-бірінен ерекше. Тіпті шашу дәстүріндегі заманауи стильді киімдер дәріптелген. Осындай отандық дизайнерлердің еңбектері барлығын таң қалдырып, ұлттық айдентикамыздың жаңғыруына үлес қосуда. Алайда, заманауи стильді бірі ұнатса, тағы бірінің көңілінен шыға бермейді.

Айта кетейік, 16 желтоқсан мен 10-шы сәуір аралығында әлемге әйгілі Louis Vuitton бренді Швейцарияда киіз үй стилінде дүкен ашқан болатын.

Біздің дизайнерлер батыстың тенденциясын алып қана қоймай, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап түрлі заттар ойлап тауып жатыр. Нәзік жандылар қазақи дүниелерді заман талабына сай икемдеп, күнделікті өмірде киюді әдетке айналдырған. Болашақта осы қарқында мәдениетіміз дами берсе, әлемдік ареналарды, сән үйлерін бағындыратынымыз анық.

Назерке Базарбекқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі