//

БҚО: Ауылдық әкімдер сайланды

993 рет қаралды

Биылғы жылдың 05 шілдесі күні Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясыоблыстың Бәйтерек ауданындағы Достық ауылдық округінің, Тасқала ауданындағы Қазақстан ауылдық округінің және Теректі ауданындағы Теректі ауылдық округінің әкімдерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты 13 тамызда ауылдық округ әкімдерін сайлау өтетітіні туралы хабарлама жариялаған еді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының 24 шілдеде жасаған хабарламасына сәйкес 12 кандидат ұсынылған, олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Олардың құжаттары қаралып, заң талаптарына сәйкестігі анықталып, бекітілген. Кандидаттардың қай саладан ұсынылғанына келетін болсақ 12 кандидаттың 9-мемлекеттік  қызмет, 1-коммерциялық саланың өкілі болса, 1-зейнеткер, ал 1- уақытша жұмыссыз адам. Үміткерлердің жас ерекшелігі ең жас кандидаттың 29-да екенін, орта жастағысы – 44-те және ең жоғары жас – 59 жас екенін көрсетеді. Кандидаттардың ішінде 2 (16,7%) кандидат ауылдық округ тұрғыны, 8 (66,6%) кандидат аудан орталығында тұрады, ал 2 (16,6%) кандидат облыста тұрады.

23 шілдедегі хабарламаға сәйкес Теректі ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылған.Олар:

  1. Кубашев Меркин Тулепович, 1966 жылы туған, «Покатиловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Покатиловка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
  2. Рспаев Армат Рспаевич, 1978 жылы туған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, Теректі ауданы, Теректі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;
  3. Саматова Багдагул Муканбетовна, 1984 жылы туған, «Ақжайық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы 19 шілдедегі хабарламасында «Тасқала ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4-еуі өзін-өзі ұсынғандар» деп хабарланған. Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 21 шілде күні Қазақстан ауылдық округінің әкімі лауазымына келесі кандидаттарды тіркегені туралы хабарлайды. Олар:

1.    Белгин Нұрбол Жақыпұлы 1992  жылы туған, Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімі, тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынған.

2.    Ибрагимов Эрнар Курамсович, 1979 жылы туған, ЖШС «AccuTest», құрылыс зертханасының меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынған.

3.    Сарсенов Алибек Уренович 1964 жылы туған, «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Атамекен ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынған.

4.    Шатенова Тогжан Сансызбаевна 1981 жылы туған, «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» ММ, аппарат басшысы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынған.

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы да Тасқала ауданы бойынша төрт үміткер тіркелгендігін хабарлайды.

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 21 шілдедегі хабарламасына сәйкес Бәйтерек ауданы Достық ауылы бойынша барлығы үш кандидат тіркелген. Олар:

  1. Жанатұлы Самат, 1994 жылы туған, «Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Бәйтерек ауданының Трекин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Сидағалиев Ербол Меңдіқанұлы, 1971 жылы туған, жұмыссыз, Бәйтерек ауданының Асан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Төлеуов Әбубәкір Қамбарұлы, 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округінің әкімі, Бәйтерек ауданының Достық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша осылардың ішінде 2 кандидат өз өтініштері негізінде өз кандидатурасын алып тастауына байланысты, 23 шілде күні ұсынылған 12 кандидаттың 10 тіркелген. Алайда, аумақтық сайлау комиссиясының тамыз айындағы хабарламаларында әр аудандағы әр округтан үш үміткерден тіркелгені туралы айтылады да, 1 үміткердің өз кандидатурасын алып тастағаны не басқалай себептермен кандидаттар қатарынан шеттетілгені туралы хабарлама жарияланбаған.

Сонымен 13 тамыз күні өңірдің үш ауылдық округінде, атап айтатын болсақ Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округінің (сайлаушы саны – 3237 / дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 1656), Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің (сайлаушы саны – 556 / дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 422), Теректі ауданының Теректі ауылдық округінің (сайлаушы саны – 3502 / дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 1352) әкімдерінің сайлауы өтті. Аталған елді мекендерде орналасқан 10 сайлау учаскесінде тізімге енген сайлаушылар саны 7 мыңнан астам болса, олардың нақты сайлауға қатысқаны 3 500-ге жуық болды. Әр сайлау округі бойынша үш кандидат.

Теректі ауданы Теректі ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша – Меркин Кубашевқа – 198; Армат Рспаевқа – 846; Багдагул Саматоваға – 122 дауыс берілген. Сайлаушылардың 97-і  «бәріне қарсымын» жолын белгілесе, 89 бюллетень жарамсыз болған. Нәтижесінде Теректі ауылдық округінің әкімі болып 1978 жылы туған, запастағы полиция майоры, Теректі ауылыны тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Армат Рспаев сайланған

Тасқала ауданы Қазақстан сайлау округі бойынша сайлау қорытындысы бойынша Эрнар Ибрагимовке – 309 (78%), Алибек Сарсеновке – 81 (21%), Тогжан Шатеноваға – 5 (1%) сайлаушы дауыс берген. Жарамсыз бюллетеньдер саны- 19 болса, барлығына қарсы болған сайлаушылар саны -8. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны, 1979 жылы туған, өзін-өзі ұсынған Эрнар Ибрагимов Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып сайланды 

Бәйтерек ауданы Достық сайлау округі бойынша сайлау қорытындысында Самат Жанатұлына – 24 (1,5%), Ербол Сидағалиевқа – 116 (7,3%), Әбубәкір Төлеуовке – 1450 (91,2%) дауыс берген. 52 бюллетень жарамсыз болса, 14 сайлаушы бәріне қарсы екенін білдірген. Сайлау қорытындысы бойынша 1980 жылы туған, өзін-өзі ұсынған Әбубәкір Төлеуов Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланған.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар