///

Назарбаевтың өмірбаяндық кітабындағы Әсел Құрманбаева туралы не білеміз?

3169 рет қаралды
Коллаж Альбина Булатова

ҚР  бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Моя жизнь” кітабы (қазақшасын таппадық) қолымызға тиді. Дақпырты пайда болысымен “Меломанға” тапсырыс берген едік. Бір аптадан кейін жетті. Кітаптың өзге тарауларынан гөрі “Жүрекке әмір жүрмейді” (“Сердцу не прикажешь”) атты тарауы қоғамда көбірек талқыланып жатыр ғой. Төрт беттен тұратын (603-607 бб) шағын тарауды біз де көз жүгіртіп оқып шықтық. Атамыз өз махаббатын ақтап алу үшін қазақтың небір марқасқаларының өмірінен сыр шертеді.

Қазақтың классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтің өзінен қырық жас кіші Раиса Мұхамедьяроваға деген сезімін сөз етеді. “Ұлпан” повесінен цитата келтіреді. Немістің атақты жазушысы Гетенің 70 жасында 18 жастағы Ульрикаға ғашық болғанын тілге тиек етеді. Сөйтіп, Астанада тұруды қаламаған Сара апамызсыз өмірінің сүреңсіз өтіп жатқанын, жалғыздық жанын кеміріп жүргенде, жүрегіне сәуле шашқан Әселмен мұсылманша неке қиғанын жазыпты.

Ал, біз Әсел Құрманбаеваның Нұрсұлтан Әбішұлының шежіресін арықарай жалғау үшін қандай игіліктерге ие болғанын санамалап көргенді жөн санадық.

Осыдан екі жыл бұрын, 2021 жылы “Pandora papers” атты жаңа зерттеу жарық көрген еді. Бұл зерттеуде миллиондаған құжаттар жарияланып, 91 елдегі әлемнің қазіргі және бұрынғы 35 лидерінің, 330 саясаткерлер мен қоғамдық тұлғалардың қаржы  жөніндегі құпиялары әшкере болған.

Осы құжатта Әсел Құрманбаева туралы деректерге молынан кездесесіз. Құжат деректеріне сүйенсек, Әсел Құрманбаева ешқандай қиындықсыз, еш тер төкпей $30 миллион долларға иелік етеді. Бұған қол жеткізу үшін жасалған күрделі схемада Назарбаев отбасына жақын екі адамның аты аталады. Олар: Владимир Ни және Владимир Ким. Әсел ханымның есепшотына түскен қаржы оффшорлық зонада орналасқан алты компанияның акцияларының өзара бөлісуі нәтижесінде пайда болған. Бұл алты компанияның бесеуі, Ұлыбританияның Виржиния аралдарында орналасқан. Пандора құжаттары болмағанда бұл аралда орналасқан оффшор зоналарының барлығы құпия болып қала беретін еді. 

ӘСЕЛ ҚҰРМАНБАЕВА EMES HOLDING&FINANCE КОМПАНИЯСЫНА ҚАЛАЙ ИЕЛІК ЕТТІ?

Ким мен Нидің оффшор зонада жасырын компаниялары бар екендігі бұған дейін де айтылып келген еді. 2008 жылдың шілдесінде Ни Британияның Виржиния аралдарындағы EMES Holding & Finance  компаниясының еншілесі болады (Кимнің де қатысы бар).

Ким 2003-2006 жылдары Karnell Holding компаниясының директоры болады, бұл компания EMES  компаниясының еншілес иесі еді. 2006 жылдан кейін компания директоры Кимнің қызметкері болады. Көп кешікпей бизнесмен Karnell компаниясының тікелей иесі атанады.

Нидің осы компаниядағы әріптесі ретінде көп байлығы жоқ, бизнес қауымдастыққа бейтаныс 27 жастағы Әсел Құрманбаеваның пайда болуы жұрттың таңданысын тудырғаны жасырын емес. 

EMES компаниясының немен айналысқаны айқын емес. Құрманбаева EMES компаниясына иелік еткеннен кейін көп ұзамай тағы бір офшорлық компания Ladra Services-ті алады да ондағы өз үлесін EMES компаниясына аударады.

2010 жылдың Наурыз айында  EMES Құрманбаеваның Ladra Services компаниясы мен Нидің тағы бар компаниясына тиесілі болады.

Инфографика “Мінбер”. Дереккөз “Власть”
Осы жылдың Қыркүйек айында Ни қайтыс болады, сөйтіп өзара келісім де аяқталған секілді. Екі ай өтісімен Британия Виржиния аралдарындағы Godel Partners атты басқа бір компания Құрманбаеваға Ladra Services компаниясы үшін 30 миллион доллар төлейді (әрі 50 пайызын EMES компаниясына төлейді).

Ни, Ким және Құрманбаеваны байланыстыратын үш дерек бар:

– Ким осы жасалған әрекеттердің куәгері болады, оның қолы мен Құрманбаеваның қолы құжатта қатар жүр

– Жеті жылдан кейін Godel компаниясы жойылған кезде оның түпкі иелерінің ішінде Нидің қызы Виктория мен оның күйеуі болды.

– Құрманбаевадан Ladra Services компаниясын сатып алғаннан кейін, оның EMES компаниясындағы үлесі Нидің қызына тиесілі компанияға көшеді.

Құрманбаева 2012 жылы «Астана-Балет» театрының негізін қалаған компанияның құрылтайшысы болады. «Астана-Балет» театрының уебсайтының мәліметі бойынша, театр ҚР Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

Бірінші президенттің қоры Құрманбаева құрылтайшылық ететін компанияны бір жылдың ішінде бақылауға мүмкіндік алады. Кейін оны үкіметтің қарауына береді. Құрманбаева театрдың арт-менеджер қызметін атқара береді.

Бірінші президент қоры Құрманбаева 2006 жылы құрған “Астау” компаниясына екі ай көлемінде иелік етеді. Сосын Құрманбаеваның иелігіне қайта өтеді.

Компания Астана қаласының орталығындағы Ренессанс банкет залын, сән салоны мен спа орталығына иелік етеді.

Материал vlast.kz сайтындағы мақала негізінде дайындалды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі