///

2030 жылға қарай “ҚазМұнайГаз” үш жаңа кен орнында газ өндіруді бастайды

1867 рет қаралды

“ҚазМұнайГаз” компаниясы баспасөз қызметінің хабарынша 2030 жылға қарай компания жаңа кен орындарын іске қосып, табиғи газ өндірісін жылына 6,7 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

“ҚМГ газ стратегиясын әзірлеп жатыр, жоба аясында 2030 жылға қарай табиғи газ өндірісін жылына 6,7 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр (ірі жобаларды есепке алмағанда — Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған)”, — делінген хабарламада.

  1. Биыл үш жаңа кен орнын пайдалану басталды: Оңтүстік Ақсай, Шығыс Өріктау және Рожков;
  2. 2027 жылы ҚМГ Батыс Прорва және Қаламқас кен орындарын пайдалануға беруге ниетті. Жылына 1,1 миллиард текше метр газ өндіру жоспарда;
  3. Үш-төрт жыл ішінде Орталық Өріктау кен орнында өндіруді бастау жоспарланып жатыр.

Сондай-ақ, халықаралық компаниялармен 12 перспективалы геологиялық барлау жобалары мен жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау жобалары пысықталып жатыр, деп толықтырды Ұлттық компания.



Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі