//

Алматы облысында бухгалтер 90 млн теңгені иемденгені үшін 7 жылға сотталды

387 рет қаралды
фото: ашық дереккөзінен

Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының бухгалтері мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың 90 млн. теңге көлеміндегі қаражатын иемденгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

90 млн теңге көлеміндегі қаржыны кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына кепілдік түрінде аурухананың банктік шотына аударған. Аудандық аурухананың есепшісі азаматша Д. бұл қаражатты өзінің шотына аудару арқылы иемденген.

Талдау аясында Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн. теңгеге бұзушылықтарды анықтаған. Олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылған.

Мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді.
Енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі