//

Сұлтан Бейбарыс жайында жаңа қойылымның премьерасы өтті

467 рет қаралды

8 ақпан «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» атты жаңа қойылымның премьерасы өтті.

Аталмыш туынды білікті көшбасшы, Мәмлүк елін біріктіруімен есте қалған Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен бүгінгі күнді байланыстырды. Жаугершілік заманда, Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке жету жолы арқау болған қойылым, бабалар рухын қайта жандандыруды көздейді. Табиғи үн мен этно-фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалатын, жаңа сахналық формадағы қойылымды ақпан айынан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театрында тамашалай аласыздар.

Дариға Суликова,

SDU, Журналистика мектебі 2-курс

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі