//

Грант саны 2024: Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген

1527 рет қаралды

2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білім берудің барлық деңгейіне бөлінген гранттар тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы жариялады. «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына гранттардың басым бөлігі 19 344 грант бөлінді. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант бөлінген.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша осы жылы жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Жалпы бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді. Ал магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға 1 900 астам грант бөлінген.

Гранттар тізімі:

Баклавриат

Магистратура 

Докторантура 

Сонымен бірге kz.kursiv.media дерегіне сәйкес, биыл алғаш рет министрлік ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар бермек. Мұндай грант түрлері «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» салаларына беріліп отыр. Бұл бағытқа 150 орын беру көзделген.

Ал «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 903 орын дайындалған. Бұл жоба негізінде студенттер 4 даярлау бағыты бойынша білім ала алады. Атап айтқанда, бұл грант педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтарына беріледі.

«Оқуды аяқтаған соң студенттерге грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Оны студенттер елдің 11 аймағында өтей алады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар