Рахат Мамырбек атындағы саяси журналистика байқауы 2024

889 рет қаралды

Өмірден ерте озған талантты журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқау бұқаралық ақпарат құралдары мерекесі қарсаңында биыл да өтпекші. Байқауға демократия институттары, адам құқығы мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, саяси жүйенің дамуы, азаматтық қоғам, еркін сөз бен плюрализм, партиялар бәсекесі, билік тармақтарының легитимдігі және өзге де саяси-қоғамдық тақырыптағы журналистік материалдар қабылданады.

Саяси журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға арналған байқауға республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және жеке авторлар қатыса алады. Жанрға шек қойылмайды.

Байқау «Ең үздік видео» және «Ең үздік мақала» атты екі аталым бойынша беріледі. Бірінші орын екеу – 700 000 (әр аталымға бір-бірден), екінші орын екеу – 300 000, үшінші орын екеу – 200 000 теңгеден.
Байқауға өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2024 жылғы 25 мамыр мен 20 маусым аралығы.

Байқау қорытындысы маусым айының соңында – Журналистер күні қарсаңында жарияланады.

Қатысу шарттары:

• Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 1 маусым мен 2024 жылғы 20 маусым аралығында телеарна эфирінен өтуі немесе газет, журнал, интернет-ресурста жариялануы керек.
• Үміткер бәйгенің екі номинациясына да қатысуға құқылы.
• Бір автор байқауға бір аталым бойынша бір материалдан артық ұсына алмайды.
• Ұсынылатын видео ұзақтығы 1 сағаттан аспауға тиіс. Видеоконтенттер YouTube хостингіндегі немесе өзге интернет-ресурстағы сілтеме арқылы қабылданады.
• Мақала көлемі А4 форматындағы 14 шрифтпен 6 парақтан аспауы керек. Жазба контент баспа материал болса – PDF және Word нұсқаларымен, интернет материалы болса, сілтеме арқылы қабылданады.
• Автор өзі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефондарын көрсетуге тиіс.

Байқау материалдарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Материалдар baiqau2024@yandex.kz поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны: + 7 777 216 27 83 (Есей)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар