///

Журналистер жасанды интеллект этикасы жайлы не білуі керек?

1538 рет қаралды

19 қазан күні Алматыда «Дата және жасанды интеллект» фестивалі өтті. «Азаттық» радиосының тілшісі Елнұр Әлімова мен фрилансер журналист Оразай Қыдырбаев жасанды интеллект этикасы жайлы трениң өткізді. Трениңде жасанды интеллект төңірегіндегі дау мен этикалық дилеммалар, жасанды зерденің пайдасы жайлы сөз қозғалды. 

ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕНІҢ МАҚАЛАНЫ ДАЙЫНДАУДА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР? 

Журналист Елнұр Әлімова жасанды интеллект тергеу мақаласын, датастори жазған кезде үлкен көлемдегі датасеттерді анализден өткізуге, жұмысты жеңілдетуге көп көмек беретінін айтып, 2,6 терабайтты құрайтын, 11,5 миллион құжаты, 214 оффшор шоты бар Панама құжаттарын мысалға келтірді

«Егер осындай үлкен көлемдегі құжатты адамдар анализден өткізер болса, жылдап уақыт кетер еді. Ал жасанды интеллект көмегімен журналистер мұны бір жылдың ішінде жасап шықты. Яғни жасанды интеллектінің жұмысты жеңілдететін осындай артықшылығы бар», – дейді Елнұр Әлімова. 

МЕДИАДАҒЫ ЖИ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ

Елнұр Әлімованың сөзінше мақаланы жасанды интеллект көмегімен жазатын болсаңыз, мақала авторы ретінде өз аты-жөніңізді жазу не жазбау, материалда жасанды интеллект көмегін қолданғаныңыз жайлы ескерту жайлы этикалық дилемма туындайды. 

«NYT Microsoft, OpenAI компанияларына «жауапкерлер Times-тің журналистикаға қосқан үлкен үлесін тегін пайдалануға тырысып жатыр. Олар Times контентін өз өнімін жасау үшін тегін пайдаланады, сөйтіп, бізден аудиторияны тартып алады» деп шағым түсірген. Бұл шағым әлі шешілмеді. Біз өндірген контент олай таралып кетпеуі керек, жасанды интеллектінің өзінің этикалық стандарттары болуы керегін айтады. Ал News Corporation Australia Data Local тобы аптасына 3000 жаңалықты ЖИ арқылы жазады. Сондай-ақ журналистер ЖИ көмегімен мақала жазғанын ашық айтпай, авторы ретінде өз аты-жөндерін жазып, жаңалықты ұсынып отырғаны үшін оқырмандардан ақша алады», – дейді журналист. 

Мұнымен қоса тренер ЖИ фейк ақпараттар тарататынын да қоса кетті. NEWSGUARD зерттеушілері генеративті AI құралдарына талдау жасап, жасанды интеллект жалған ақпаратпен кресуге қауқарсыз деген қорытындыға келді. 

АI ҚОЛДАНҒАНДА ЖУРНАЛИСТЕР ЭТИКА  ТҰРҒЫСЫНАН НЕНІ ЕСКЕРГЕНІ ЖӨН?

Оразай Қыдырбаевтың сөзінше, AI-ға адамдар неғұрлым көп сұрақ қойса, солай сервер қыза бастайды, ал оны салқындату үшін электр энрегиясы мен суды қолдану қажеттігі туындайды. Осылайша ЖИ жалған ақпараттардың таралуымен қоса, қоршаған ортаға да залалын келтіріп жатыр деген пікірлер бар екенін айтады. 

Сондай-ақ журналист жасанды интеллектінің медиаға келтіретін залалымен күресу жолдарында ақпарат таратуда барынша зияннан арылу ұстанымына тоқталып, Американың кәсіби журналистер қауымдастығының этика кодексіне сілтеме жасады. 

“Егер біз жұмыс барысында ақпарат іздеу үшін ЖИ қолданатын болсақ, ақпартты міндетті түрде тексеруіміз керек. Өйткені кейде ЖИ алгоритмі істен шығып, қате ақпарат беріп қояды. ЖИ көмегімен жасалынған контент авторларға, оқырманға зиянын тигізбеуі керек. Яғни мұндай контент жасанды интеллект авторлық құқық бұзу арқылы бұрын материал жазған журналистерге залал келтіреді. Демек бұған сүйенсек, біз жасанды интеллектіні пайдаланбағанымыз жөн. Журналистика жасанды ақпарат, пропагандамен күресте маңызды рөл ойнайды. Біз көршілес елдердің пропагандасына қарсы тұрғымыз келсе, бізде сөз бостандығы болуы керек. Дәл сол ЖИ дайын мәтіндерді ұсыну арқылы журналистердің тәуелсіз болуына, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне әкеледі», – дейді ол.

Шәкира Ахметова



Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар