//

Halyk банкі мен re:Kassa финтех-компаниясы платформалық жұмыспен қамтуды автоматтандырады

1156 рет қаралды
Halyk банкі  мен re:Kassa финтех-компаниясы платформалық жұмыспен қамтуды автоматтандырады

re:Kassa финтех-компаниясы Halyk банкімен бірге алғашқылардың бірі болып, платформалық жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін компаниялардың бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған толық шешімді ұсынды.

Платформалық жұмыспен қамту — орындаушылар интернет-платформалар арқылы (жеткізу, такси, фриланс және т.б.) жұмыс істеп, жұмыс кестесі мен көлемін өздері таңдайтын модель. Бұл еңбек нарығының жаңа форматы, ол өзін-өзі жұмыспен қамтудың икемділігін және ресми төлем механизмдерінің ашықтығын біріктіреді. Бұл адамдардың штатқа тіркелмей-ақ цифрлы сервистер арқылы табыс табуына, ал бизнеске — орындаушыларды заңды түрде тартуға және салық талаптарын орындауға мүмкіндік береді. Жаңа ережелерге сәйкес, мұндай платформалар eSalyq Business жүйесінде чектерді тіркеп, орындаушылар үшін әлеуметтік төлемдерді аударуға міндетті

Сала көшбасшылары — re:Kassa компаниясы мен Halyk банкі — өзгеріп жатқан нарыққа дереу бейімделіп, дайын әрі үздіксіз шешімді іске қосты. Бұл – компаниялардың өз процестерін ертерек қайта құруына және жаңа жағдайларда жұмысын еш кедергісіз жалғастыруына мүмкіндік береді.

Енді платформаларға техникалық баптаулармен дербес айналысудың қажеті жоқ. re:Kassa шешімі бұл процестерді өз мойнына алып, деректердің дұрыс алмасуын және заңнама талаптарына сай барлық қажетті құжаттың автоматты түрде ресімделуін қамтамасыз етеді.

Halyk банкі  мен re:Kassa финтех-компаниясы платформалық жұмыспен қамтуды автоматтандырады

Бәрі автоматты түрде жұмыс істейді: жүйе орындаушының мәртебесін бірден анықтайды, жеңілдіктерін тексереді, түбіртектерін шығарады, төлемдерді есептеп, құжаттарға онлайн қол қоюға көмектеседі. Барлық процесс толықтай ҚР МКК талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Ал салықтарды Halyk-тың Onlinebank арқылы тікелей төлеуге болады.

Қазір белсенді түрде әзірленіп жатқан аналитикалық кабинетте платформалар орындаушылардың операциялары мен мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.

Осылайша, бизнес қазірдің өзінде дайын: төлемдері, салықтарды автоматты есептейтіні және төлеу жүйесі бар, деректерді қауіпсіз сақтайтын, қарапайым API арқылы қосылуға болатын және бірыңғай қолдау арнасы да бар инфрақұрылымды пайдалана алады.

re:Kassa мен Halyk бизнестің күнделікті қайталама жұмысқа алаңдамай, дамуға назар аударуына мүмкіндік бере отырып, әрдайым бір қадам алда жүретін компаниялар ретіндегі беделін тағы да дәлелдеді.

Halyk банкі  мен re:Kassa финтех-компаниясы платформалық жұмыспен қамтуды автоматтандырады

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар