Тамақ қалдықтардың басым бөлігі полигонға кетеді. Қалдықтар жылдап шірімей, метан бөліп, экологияны ластайды. Ал Қазақстанда жыл сайын 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шығады. Оның 37 пайызы — органикалық қалдық. Ал биотехнологтар органикалық қоқысты асылтұқымды шыбынның көмегімен небәрі бір аптада өңдеуге болады дейді. Minber тамақ қалдықтарын өңдейтін шыбындарды өсіріп жүрген биотехнологтардың жұмысымен танысып қайтты.
Парақшамызға жазылыңыз
