/

Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

53 рет қаралды

Фото: KZgovernment

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысының атынан танымал шахматшы Бибісара Асаубаеваға жоғары мемлекеттік награда табысталды.

Шара барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық гроссмейстерге II дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде тапсырды.

Бибісара Асаубаева – халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақ спортшы. Ол блицтен үш мәрте әлем чемпионы атанып, бұл беделді бәсекеде жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Айта кетейік, жуырда ғана отандық шахматшы Норвегияда өткен атақты Norway Chess супертурнирінде топ жарып, өз қоржынын тағы бір жарқын жеңіспен толықтырды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар