Фото: t.me
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапалы жұмыс орындарын құру Кешенді жоспардың басты басымдықтарының бірі болып айқындалды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ елдеріндегі еңбек өнімділігі қазақстандық деңгейден үш есе көп, ал ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың тұрақсыздығы жоғары болып қалып отыр. Осы проблемаларды шешу үшін 17 кластерлік жобаны жүзеге асыру, АӨК-те жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, шағын бизнесті қолдау және өңірлерде микрокредит беру бағдарламаларын кеңейту жоспарлануда.
Парақшамызға жазылыңыз
