///

Дзюдодан ел чемпионаты басталды

809 рет қаралды

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Ел біріншілігінің алғашқы күнінде татами төріне әйелдер арасында 48 және 52 келі, ал ерлер арасында 60 және 66 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады.
Биылғы ел чемпионаты Батыс Қазақстанда дзюдо спортының үлкен додаларының біріне айналып отыр. Байрақты бәсекеге еліміздің үш ірі қаласы мен 17 өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысуда.
Бұл чемпионаттың маңызы да айрықша. Себебі ел біріншілігінде жүлде алып, жеңімпаз атанғандар ұлттық құрама сапына еніп, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

«Жайық Аренада» қызу тартыс қыркүйектің біріне дейін жалғасады.

Түгелбай Бисен,

БҚО

Фото:БҚО спорт

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Базар жабылған жыл

Сурет: ЖИ құралдарын пайдаланып жасалған Бұл мақалада айтылатын оқиғалар Батыс Қазақстанда, негізінен бүгінгі Батыс Қазақстан, Атырау