/

Балғынбек Имашев: мен пенсияға кетемін

906 рет қаралды
1

 «Алтын домбыраның» иесі атанған айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтыстан кететінін мәлімдеген.

21 қазанда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ақындар айтысы өткен болатын. Сол айтысқа қатысқан танымал ақын Балғынбек Имашев осыдан кейін айтысқа шығуды доғаратынын айтқан екен.

Имашев шешімін «Қазір айтыста нағыз лайықты қарсыластардың қалмағандығымен» түсіндірді деседі. Бұл жақсақ болар.

Балғынбек Айнұр Тұрсынбаевамен айтысы кезінде ақын әйгілі «Той жыры» әнінің мақамына салып, өз ойын былай аяқтапты.

Талдықорғанда тәтті күндер, тәтті күндер!
Бұл айтысқа шат күліндер, шат күліндер.
Осымен мен кетемін пенсияға,
Балғынбектің соңғы айтысы деп біліндер.

Ақынның өнерде бірге келе жатқан замандасы Айбек Қалиев досының мұндай мәлімдесін естіген кезде:

Неменеңе жетістің, бала батыр,
Шал ақындар азайып бұл айтыста,
Шала ақындар көбейіп бара жатыр.
Балғын досым қоштасып айтыспенен,

Айбек келіп ендігі жағада тұр, — деп Балғынбектің айтыстан кеткенін қимайтынын білдірген.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,