//

Айтыс деген өлеңнің барымтасы

1525 рет қаралды


44fc5ff8198e5a33fc4294a24f348cc2
Алматыда 3-4 желтоқсанда «Алматы – азаттықтың алтын бесігі» атты алтын домбыра үшін аламан айтыс болып өтті. Айтысқа республиканың түкпір-түкпірінен 20 ақын келіп қатысты. Өңшең «сен тұр, мен атайын» деген дүлдүлдерге берілген тақырып, Алматының 1000 жылдығы және тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Айтыс шын мәнісінде тартысты өтті. Дегенмен ақындардың көбі, жаттап келген толғауларын толғап, елдің ішінде шемен боп қатып қалған мұң-зарын толғауға тырысты. Әсіресе, алғашқы күні айтысқа алғашқы болып шыққан қос ақын жер туралы толғанды, сол жерді қорғаймын деп сотталып бара жатқан Макс Боқаев пен Талғат Аянға ара түсті. Өміржан мен Рүстем ақынның айтысы, бірінші күннің ең шоқтықтысы болды десек артық айтқандық болмас.

Екінші күнгі айтыста Болатбек Оразбаев жарқырап көзге түскенімен, қазылар алқасының шешімімен бас жүлде қызылордалық – Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Болатбек Оразбаев І жүлдеге лайық деп танылып, екі күн бойы қыз бен жігіт айтысының керемет үлгісін жасаған оралдық Жансая Мусина ІІ орынға табан тіреді. Мейірбек Сұлтанхан, Өміржан, Серікзат Дүйсенғазиндер үшінші орынды місе тұтты. Дегенмен, зал толы көрермен қазылар алқасының шешімімен келіспейтіндіктерін білдіріп, біразға дейін шулап отырды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек көрерменнің көңілін демеу үшін бас жүлде мен бірінші жүлдеге тағы бір миллион теңгеден беретіндігін айтып, басу айтты. Ал Болатбек Оразбаев “миллион теңге үшін емес, халықтың алғысы үшін” айтысқандығын айтып, алғысын білдірді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,