Үрiмжi “Назгу” автостанциясы. Алматы-Үрiмжi-Алматы бағытына қатынайтын
автобустар да осы жерден жүреді. Қыстың күні, жолаушылар сирейтін мезгіл. Топырлаған
топтың шетiнде тапжылмай бір қыз тұрды. Үскіріктен ығатын түрі жоқ. Қақаған аязда,
қара суықта жалаңбас жүре беретiн қытай әдетiн ұстанған. Бас киімсіз. Қой көздi қоңыр
жүздi. Сол қызға назарым ауды. Сонымды сездіме, таяп келді. Қыбырдан секемденетiн
елiктiң лағындай екен, менi тiнте қарап алды. Түр-түсін ішіп-жегім келіп бара жатса да
сұқтана қоймадым. Ол өзі ашыла бастады.
–Алматыдансыз ғой?
–Иә.
– Менің де Алматыға барғым келіп еді… Мен сізді бағанадан бақылап тұрмын.
Қазақстансыз ғой.
–Қазақстаннанмын… Алматыданмын дедім ғой…
–Әлгiндегi «құжаттағы мөрі күшсiз» деп жатқан адам менмін.
–А-а-а
– Туыстарым Бейжiнге дейiн барып, бiр жыл сарпалдаңға түсіп жүріп әрең дегенде рұхсат алған едi, ендi мiне жүргелi тұрғанда тағы бiрдеңесi болмай қалыпты. – Сөзiнiң соңы әзер естiлiп, иегiнен дiрiл бiлiндi. Көз шарасын жас торлап, жүзiндегi мұң қоюлана түстi. «Оны несін маған сөз қып тұр екен?».
– Алматыға алғаш барғалы тұр екенсiз ғой?
–Бармайтын болдым! – Қыз жанарын жарқ еткiзiп көтердi де, дидары жылып, күлiмсiрген
көзiнде үмiт ұшқыны көрiндi.
– Әке-шешем Шуда тұрады. Шақыру жiберген. Бір емес, неше қайтара келдi сол шақыру.
Паспорт алғаннан берi тоқтай алсамшы. – Ол күлдi де, iле-шала “сағындым” деп
кiрпiктерiн қағып едi, жасы моншақтап кеттi.
–Құдай қаласа, ертең осы мөлшерде Алматыда тұрамыз,– дедiм. Жас қыз жас жуған кiрпiктерiн жыпықтата қарады.
–Жібергілері келмеді-ау деймін… Сіздер бақыттысыздар. Жылап қойдым, жыламаймын деп өзіме ант берген едiм…Сіз Қазақстан болған соң өзімсініп…
Ақсудан көшерде, “оқуыңды жалғастыра бер, аман болсақ, кешiкпей табысармыз,
ағайын-туыстар арасында қала тұр, бiз орналасып алайық” дескен екен әке-шеше. Ендi
ойласа, бекер ажыраған, араласпақ түгiлi, айында-жылында көрiсу мұң болыпты ай-күннің
аманында.
Автобус қозғалды. Қарамыз үзiлгенше, қаршадай қыз қалшиған күйi қадалып қарап
тұрды.
«Қарағым–ай!».
Б.Бәмішұлы
Қарағым-ай
Соңғы жазбалар
Орал қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеуге қала бюджетінен 47,5 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта жүргізілген түгендеу, зертханалық
2013 жылғы «Орфографиялық сөздікте» күздің алғашқы айы «қыргүйек» деп берілген. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшін алғашқы
Ертең Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында
Қазақстан мектептеріндегі тәжірибе жекелеген білім беру ұйымдарының бастамасымен шектелмейді. 2026–2027 оқу жылынан бастап жасанды интеллект жалпы
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Еліміздің ай таңбасындай болған аса көрікті Алматы қаласының бүгіні мен болашағы, келешектегі болмысы кім-кімді де бейжай
Қыркүйектің 10-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрында болған оқиға желісімен түсірілген «Қара алтын» мотивациялық бизнес-драмасы көрсетіле бастады.
Орал қаласында қазанның 1-інен бастап қоқыс шығару тарифі 659 теңге болады. Осылайша шаһарда қатты тұрмыстық қалдықтарды