/

Қандас (оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

2000 рет қаралды
фото: www.abai.kz

📌Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз
📍Мәртебені алу үшін:
📎Еркін түрде жазылған өмірбаян
📎Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлемдегі екі-екіден суреттері
📎Мәртебені алушы барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
📍Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
📎Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
📎Өтініш

📚Мәртебе мерзімдері:
🕐Қандас (оралман) мәртебесі 1 жылға жарамды. Бір жыл мерзім бітерде, ҚР азаматтығын алуға өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
🕕Қандас (оралман) мәртебесін ұзарту мерзімі 6 ай. Мерзім өткен соң қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
✔️Мәртебені алуға 15 жұмыс күні
✔️Мәртебені ұзартуға 5 жұмыс күні.

☝️Ескерту, сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтерді сәйкестендіріп болған соң өзіңізге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ құжаттардың қабылданғаны туралы ХҚО операторынан қолхат алуды ұмытпаңыз.

❗️Ескерту, 2021 жылы 1 қаңтардан бастап ҚР ІІМ бұйрығымен “оралман” сөзі “қандас” деп өзгертіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі