///

Астана көшесі астана атауына лайық па? Қарасай ауданына қарасты, Береке ауылының тұрғындары батпақтың кесірінен мектепке жете алмай жүр

3968 рет қаралды
1

Былтыр, 2020 ақпан айында Талдықорғаннан келген Жанболат Әкебайұлы “Нұр Отан” партиясының Қарасай аудандық бөліміне Астана көшесінің тұрғындарын арнайы шақыртып, жол мәселесін қадағалап, қолға аламыз деген екен. Байқасақ өзгерген ештеңе жоқ. Мектеп жанынан бастап, 2 шақырым жаяу жүріп, шаң қапқан ойдым жолмен Астана көшесінің аяғына жету оңайға соқпады. Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев қазір де Алматы облысы Мәслихатының хатшысы. 

Жаңбырлы күні белшеден батпаққа батса, жазда шаңға көмілетін Астана көшесі тұрғындарының айтары көп екен.


Наразы тұрғындардың айтуынша жол жөндеу жұмыстары былтырдан басталады деп уәде беріліпті.
-Осы көшенің аяғында да халық бар, 60 шақты оқушы мектепке қатынайды. Жолымыз жаман деп такси де кірмейді. Балшық күндері тас төселген жерден ары жүрмейді такси, жүктерімізді арқалап, жаяу жүреміз. Ол таксидің өзін ары-берісіне мың теңгеге жалдаймыз. Күнде мың тенгені қалтамыз көтере бермейді. Кейде бір аяқ астынан 100-200 тг дәрісіне бару үшін, мың теңгеге такси шақырамыз, – дейді Оразгүл апа.
– Баламды мектепке жалғыз жібере алмаймын, күнде осы баланы мектепке тасу үшін  жолына мың теңге берем. Өзім омыраудағы баламнан шыға алмаймын. Ай сайын алатын 46 мың жәрдем ақының 30 мыңы тек жолға таксиге кетеді,- деп Гүлназ да мұңын шағады. Ақық апа да жолдың азабын тартқанын айтып:
– Свет, суды халық өз қалтасынан шығарып жасады. Осы жол жасалса такси де арзандайды ғой. Жол жаман деп орталыққа 4 км жерге бару үшін мың тг алады, ал қалаға қайта арзан. Алматыдан іргеміз де алыс емес такси 300 теңгеге алып кетеді, – дейді.

– Инвалид балам бар. Көтеріп жүру оңай емес. Лай күндері коляска батпаққа батып, жүре алмаймын. Ары-бері еміне қалаға жиі шығамын. Маршрут шығарып берсе ең басты көмегі сол болар еді, – деген Ұлжан да жолда жүрудің азабын айтып өтті.

Жол мәселесін Елтай ауылдық округінің әкімі Бекжан Абжанұлынан сұрап көрген едік:
– Берекеде 14 -15 көше бар, соның 4 еуі асфальтталған. Былтыр 2 көше жасадық, кезекпен келе жатырмыз. Округ бойынша 9 ауыл, 12 саяжай бар. Биыл Елтайға бір көше, Көкөзек ауылына бір көше, Жармұқанбет ауылына бір көшеге тас төсеуге қаржы бөлінді. Астана көшесіне биыл бөлінген қаржы жоқ. Өтініші дайын тұр, берілген, бәрі қаржыға келіп тіреледі. Елтай ауылдық округі бойынша 60 көше бар. Бәрін шетінен жасап келеміз,-деді.

Жанболат Жөргенбаев, Алматы облыстық Мәслихатының хатшысы, фото: Огни Алатау

Бұл мәселеге өзі кірісетінін айтып кеткен “Нұр Отан” партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облыстық Мәслихатының хатшысы  Жанболат Әкебайұлымен хабарласкан едік. Жанболат Жөргенбаев Комиссия шешімімен, бұл жолды биыл қадағалап, жөнделетінін айтып, өз уәдесін тағы да қайталап өтті.

Әлия Әбілсейітқызы,

Алматы облысы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі