////

Көшелерің жөнделеді! Бұл сөзге ауыл тұрғындары сенбейді

3698 рет қаралды
1

Әңгіме – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылына қарасты “Астана” көшесі жайында.

“Береке” орта мектебінде оқитын 830 оқушының тең жартысы “Астанамен” жүреді. 2 ауысымда білім алатын олар қас қарайғанда қайтады. Бас -аяғы 4,4 км-ге созылған көшенің “тағдырын” алдағы “Нұр Отан” партиясының мәслихат сессиясы шешетін көрінеді.

Дәурен Наурызбаев, Қарасай аудандық
Автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

“2019 жылдан проект смета құжаттары дайын, жылына үш-төрт рет негізі заявка өткіземіз. Құны 214 млн. теңге болды. Алдымызда мәслихат сессиясында бір бөлігі бөлінеді. Бөлінгеннен кейін жұмыс басталады”.

Жалпы ауылда 11 көше бар. Оның тек үшеуіне асфальт төселген. Ал “көше батпақ, қараңғы, қаңғыған ит көп” деп, алаңдаған Елтай ауылының тұрғыны Сұлушаш Айнақұлова ауыл арасындағы көпірдің ескіргенін айтып, хат жолдапты:

Сұлушаш Айнақұлова, ауыл тұрғыны: 

” Сәлеметсіз бе? Біз Елтай ауылында тұрамыз. Он жылдан балалар көпір арқылы Береке мектебіне барады. Көпір ескірді. Соңғы рет өзіміз жасағанбыз”

Елтай ауылдық округінде 9 ауыл 26 саяжай бар. 5500 оқушы округ аумағындағы 7 мектепке қатынап оқиды. Ауыл әкімі Біржан Махатұлының айтуынша Елтай ауылында биыл мектеп салынады, Жармұхамедте 160 орындық білім ошағының құрылысы басталды”.
Ал Көкөзектіктер бірнеше жыл бойы болашақта балалар оқитын жердің құжатын рәсімдеумен әлек.

Ауылдың бүгінгі күйін көруге келген мәслихат депутаттары көргеніне көзі сенбеген сияқты.

Ақмарал Талқанбаева, ауыл тұрғыны:

“Бір бағаннан үйге дейін 125000 төледік. Кабельді өзіміз сатып алдық. Бес жыл бұрын. Кабельді қатты тартқаны сонша баған қисайып тұр. Құлайды жақында”.

Бұл – бес жыл бұрынғы баға. Тұрғындардың айтуынша қазір 2 есеге артқан. Мәселен, Астана көшесінде пәтер жалдап тұратын Венера Кушаеваның айтуынша 300000 теңге төлеген. Әкімнің өз жауабы бар:

Біржан Махатұлы, “Береке” ауылының әкімі: 

“Түсіндім. Бұл жерде жекеменшік компания тартқан. АЖК емес, сондықтан мемлекетке өткізуін сұраймыз”.

Үй ішінен үй тіккен жекеменшік мекеме ауыл тұрғындарын сумен де қамтамасыз етеді. “Өз міндетін орындағаны үшін халықтың қалтасын қағып үйренген жұмысшылардың айтқан бағасы ақылға сыймайды”- дейді, Оразгүл Құрманқұлова.

Оразгүл Құрманқұлова, ауыл тұрғыны: 

“Газ қоса алмай отырмыз ғой. Газ төлемі қымбат. 425000, қосуға 100000.
Пеш аламыз. Сонда миллион шығып кетейін деп тұр ғой”.

Ақсай өзенінің маңындағы тұрғын үй иелерінің де мазасы жоқ. “Не үй құлайды, не су басады” – дейді олар. Ал әкімнің сөзіне сенсек төтенше жағдай бөлімі хабардар.

“Елтай ауылдық округінде халық саны 17800 болатын. Кейінгі санақта 36100-ге жуықтады. Дегенмен нақты саны алда белгілі болады”- дейді Біржан Махатұлы.
9900 шаршы метрді қамтып жатқан округ аумағында 12 ұлт өкілі тұрады. Жұмыссыздар саны 2/4 %.
Ал күйбең тірлік қамы үшін Алматыға сабылатын халық қоғамдық көліктің жүргенін армандайды.
Елдегі жағдайға қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл тапсырмасы, яғни азық-түліктің шектік бағасы белгіленбеді. “Кәсіпкерлермен келіссөз жүргізудеміз” – деген басшылар ауданнан, ал аудан облыстан арнайы шешім күтетін сияқты. Дегенмен, біздің көзімізше хабарласып “Бұрындай” наны заводта 120, ал дүкендерді 125 теңгеге сатылатынын анықтады.

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

1 Comment

  1. […] “Береке” ауылындағы түйткілді мәселелер туралы “Мінбер” сайты бұған дейін бірнеше мәселе көтерген болатын: “Астана көшесі астана атауына лайық па? Қарасай ауданына қарасты, Береке ауылының тұрғындары батпақтың кесірінен мектепке жете алмай жүр”, “Көшелерің жөнделеді! Бұл сөзге ауыл тұрғындары сен… […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері