//

Атыраудағы «Теңіз» кенішінде жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

3193 рет қаралды
Атыраудағы «Теңіз» кенішінде жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

«Теңізшевройл» ЖШС таратқан баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, жаңа зауыт кеніш нысандарындағы өндірілетін барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді де азайтады. Зауыттың айына 40 мың тонна күкірт өндіру қуаты бар. Сонымен қатар, құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады.

Атыраудағы «Теңіз» кенішінде жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды
«ТШО»-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды, – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Серіктестік директорының айтуынша, жергілікті компанияларды дамыту – «ТШО»-ның негізгі стратегияларының бірі. Сондықтан бұл жобаны толығымен қазақстандық компания жүзеге асырған.

Бұдан басқа, жаңа нысанның барлық маманы жергілікті кадрлармен қамтамасыз етілді. Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға 60-тан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Осылайша, пандемия кезеңінде кездескен қиыншылықтарына қарамастан «ТШО» мен «Caspian Group Construction» ЖШС бірігіп, 2 жылға жуық уақытта жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті жүргізіп шықты.

Атыраудағы «Теңіз» кенішінде жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

– Зауыт заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен, портативті және оңай жиналатын «GXM3» қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жоғары технологиялар мен ресурстарды қолданып, бұларды Қазақстанға жеткізді, – деді түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері Галиаскар Итишев.

Ендігі уақытта «Теңізшевройл» компаниясы түйіршіктелген күкіртті Қазақстан нарығынан басқа, Африка, Еуропа, Қытай және өзге мемлекеттерге экспорттайды.

Ескендір ӘКЕЖАН,

Атырау облысы

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар