////

Сәкен Бибосынов – жартылай финалда жеңіліп,  бокстан бесінші қола жүлдені әкелді

1074 рет қаралды
Сәкен Бибосынов пен Гамал Яфаи бокстасу үстінде, Токио-2020, 05.08.2021 ж.

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов финалға жету мүмкіндігі бола тұра, жіберіп алды. Қазақ жанкүйерлері спорттың осы түрінен алтынның уыстан біржола шығып кеткенін енді түсінгендей.

Өткен жолы жазғанымыздай Сәкен осы жолы 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде британиялық Галал Яфаимен кездесті. Қапталдағы төрешілер дауысты 3:2 есебімен бөліп, жеңісті ағылшын боксшысына берді.

Бірінші раундта британдық рингті толық өз бақылауына алып, қазақ боксшысын нокдаунға да жіберіп үлгерді.

Екінші раундта Сәкен барынша белсенді қимылдап, соққылар жасағанымен, төрешілер дауыстарын Яфаиға берді.

Үшінші раундта екі боксшы да тең дәрежеде өнер көрсетті деуге болады, көбінесе біздің боксшының соққылары діттеген жеріне тиіп жатты. Бірақ бәрібір сәттілік жағы британ боксшысына ауысып, төрешілердің басым бөлігі жеңісті Галал Яфаиға берді.

Осымен қазақ боксшылары Токио олимпиадасындағы жарыс жолдарын екі қола медальмен аяқтады. Бұл Қазақстанның бокс тарихындағы ең сәтсіз олимпиада деуге болады.

Ізбасар ҚАБИЕВ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,