///

Медианың негізгі машықтары: Журналистің негізгі міндеті не? Ақпарат тарату ма, адами құндылықты жоғалтпау ма?

2680 рет қаралды
Қыркүйектің 6-сынан бері өткізіліп келе жатқан “Медианың негізгі машықтары” тренингінің төртінші күні де өте мазмұнды әрі мағыналы өтті. Бұл қазақ тобы “Медиа этика дегеніміз не?” тақырыбында профессор, тележүргізуші, медиа зерттеуші, медиатренер Молдияр Ергебековтің дәрісін тыңдаса, орыс тобы журналист, Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақовтың “Фактчекинг негіздері” дәрісін тыңдады.
Молдияр Ергебеков жалпы журналистердің ақпаратты таратуда ұстанатын негізгі ұстанымдары жайында ежелгі ойшылдардың еңбектерінен цитаталарынан мысалдар келтіре отырып журналистік этиканың негізгі ұстанымдарын әңгімеледі.
 
 
Ал, Думан Смақов ақпаратты тексерудің жолдары және ақпарат іздеуші сайттар, сурет пен видеоны тексерудің жолдары жайында дәріс өткізді.
 
Тренинг соңында ағылшын фрилансері, бұрын BBC радиосында қызмет еткен Джон Оффордтың шеберлік сағаты өткізілді. Ол подкастинг пен радио журналистиканың айырмашылығы жайлы лекция оқыды.
 
 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асуда.
 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Заңгер Гүлмира Біржанова: Мемлекет БАҚ-ты қарсылас емес, серіктес әрі қоғаммен байланыстырушы құрал ретінде қабылдауы керек

сурет ашық дереккөзден алынды “Медиа қолдау” ұйымының жетекшісі, журналистер құқығын қорғаушы заңгер Гүлмира Біржанованың айтуынша, Қазақстандағы