20 мың теңгелік банкнотқа Елбасының суреті басылады

1046 рет қаралды

Ұлттық банк Егемендіктің 30 жылдығына орай номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың факсимилесін
қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды. Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкнотта сұр түс басым, көлемі 155х79мм.

Бет жағындағы негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде “Қазақ Елі” монументі, “Мәңгілік Ел” салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі “Киіз үйді” безендіру желісі бойынша “Басқұр” – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті.

Сыртқы бетіндегі негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және Ақорда Президент резиденциясының панорамалық көрінісі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнесі.

20 мың теңгелік мерейтойлық банкнот еліміздің барлық  аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдана береді.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі