/

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Төлеубек Аралбай дүниеден озды

759 рет қаралды
Фото: inform.kz

72 жасқа қараған шағында театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы АРАЛБАЙ дүние салды. Көңіл айту жазбасы  Әуезов театрының инстаграм парақшасында жарияланды.

“Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты режиссер И.Вишневский болды. 1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.
1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Р.Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, Көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы рөлі О.Бөкеевтің «Құлыным менің» драмасындағы Жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды”- делінген жазбада.

Мінбер сайтының ұжымы елін сүйсіндірген тұлғаның отбасына қайғыра көңіл айтады.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі