///

Әйелдер неге Қазақстан Жазушылар одағына төраға болуға өз кандидатурасын ұсынбады?

4407 рет қаралды

Күні кеше Қазақстан Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланғаны (бәлкім тағайындалғаны) мәлім. Құрылтай алдында Жазушылар одағының бірнеше мүшесі және әлі мүше болып үлгермеген Арман Әлмембет өз кандидатураларын ұсынды. Алайда бірде бір әйел қаламгер бұндай амбиция танытпады.

Егер Жазушылар одағында 970 мүшесі болса, соның қаншасы әйелдер екендігі жайында нақты мәлімет таппадық. Қазақстан Жазушылар одағының ресми сайты www.writerhouse.kz порталында жазушылар тізімі берілмеген. Сондықтан біз Жазушылар одағына қанша әйелдің мүше екенін нақты айта алмаймыз.

Дегенмен, Қазақстан Жазушылар одағы құрылған 90 жылдың ішінде бірде-бір әйел адамның төраға болмағаны және биылғы сайлауда да ешкім өз кандидатурасын ұсынбауы бізді ойлантты. Құрылтайға келген делегаттардың біразын әңгімеге тартып, осы сауалды қойған едік. Өкінішке қарай,  бұл сауалға жауап беруге құлықтылар өте аз болды. Көбі ат тонын ала қашты. Ал жауап бергендердің өзі бұл сұрақтың неге қажет болғанын түсінбей тұрғаны сезілді. Дегенмен біз осы жауаптарды назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Сауалнаманы дайындағандар: Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Әдемі Ғазизова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі