//

Алматыда Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен отбасы балаларына арналған “Маусым” көрмесі өтуде

780 рет қаралды
1

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қамқоршысынан айырылған балалар салған суреттер қойылған «Маусым» көрмесі өтіп жатыр. Бұл көрмені ұйымдастырған еріктілер халықтан жылу жинау арқылы балалардың сурет салып үйренуіне көмектескен.


Жобаның мақсаты — Қаңтар кезінде асыраушысынан айырылып, күнкөрісі қиындаған отбасындағы шығармашыл балаларға мүмкіндік беріп, талантын шыңдай түсуге жәрдемдесу. Дүрбелең кезінде оққа ұшқан жүздеген марқұмның отбасы мен балалары Қаңтар оқиғасының зардабын әлі күнге дейін тартып келе жатқанына назар аудару. Қазақстандық суретшілер үш күн бойы Қаңтар кезінде қамқоршысынан айырылған он бес балаға шығармашыл идеясын кенеп пен қағазға түсіруді үйреткен болатын. «Маусым» көрмесі 16-18 маусым аралығында өтеді, соңғы күні туындылар аукционда сатылмақ.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,