////

«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі

2955 рет қаралды
«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі
Minber.kz

Алматы қаласында қараша айының 1 күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «35°» атты І Республикалық жастар театрлары фестивалінің ашылу салтанаты өтті.  Іріктеліп алынған отандық 8 жас режиссердің қойылымы 1 апталық фестиваль барысында сахналанбақ. Minber.kz редакциясы іс-шараның өту барысымен танысып қайтты.

«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі
Minber.kz

Фестивальдің мақсаты — Қазақстандық режиссерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылық тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету. Бұл бастамаға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 35 жасқа дейінгі талантты 30 режиссердің еңбегі іріктеуде бақ сынады. Оның 8-і атап айтқанда: Гүлназ Балпейісова, Мейрам Хабибуллин,  Антон Зайцев, Әлібек Өмірбекұлы, Шағуан Үмбетқалиев, Анна Цой, Әридаш Оспанбаева және Шыңғыс Жақыпбайдың қойылымдары театр сыншыларының көңілінен шығып, фестивальға жолдама алды.

«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі
Minber.kz
«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі
Minber.kz

Шараның ерекше тұстарын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері, фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Ақ-Зия Жайлы атап өтті:

«Әдетте фестивальдарда қатысушылар «Кім қандай жүлде алады екен?» деп өрек болып, екі ұдай күй кешеді. Бірақ бұл жолы іріктеуден өткен 8 театрдың барлығы —  жеңімпаздар. Марапаттау рәсімі ең соңғы күні емес, дәл қазір ашылу салтанатында өтеді. Жүлделерді 8 жас режиссерге 8 қазақ режиссурасының абыз тұлғары, үлкен аға буыны табыстайды».

Үздік деп танылған режиссерлерге 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Ашылу салтанаты аяқталысымен қонақтар ішке өтіп, сахнада Фархат Молдағалиевтің «Құлагер» қойылымы көрсетілді.

«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі
Minber.kz

Жас майталмандардың өнерін тамашалаймын десеңіз, алдағы уақытта қойылатын қойылымдар тізімін төменге келтіре кеттік.

«35°» — жас режиссерлерді таныту мүмкіндігі
Minber.kz

Әмина ЕРМЕКОВА

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар