/

Дохадағы әскери соққы: Тоқаев Израиль әрекетін айыптады

73 рет қаралды
Фото: x.com/CharliesIngalls

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Израиль билігінің мәлімдемесінде Дохада орналасқан ХАМАС ұйымының штабына соққы жасалғаны айтылған.

“ХАМАС” ұйымының басшылары соққы жасалған сәтте Газадағы соғысты тоқтату туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысын талқылап отырған.

Al Arabiya арнасы Дохадағы Израиль соққысынан ХАМАС көшбасшысы әл-Хайя мен қозғалыстың тағы үш жоғары лауазымды мүшесі қаза тапқанын хабарлады.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Дохаға жасалған әуе соққысы АҚШ-пен алдын ала келісілген. Сондай-ақ шабуыл алдын ала Қатар билігіне де ескертілген көрінеді.

Қатар сыртқы істер министрлігі Израильдің шабуылын қатаң айыптады.

“Біз Израильдің Дохада ХАМАС саяси бюросының бірнеше мүшесі тұрған тұрғын үйлерге бағытталған қорқақ шабуылын қатаң айыптаймыз”, – делінген Қатар СІМ мәлімдемесінде.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бес стадионның нешеуі салынады?

Фото: sportplustv.kz Алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасындағы қарсыластарын білген соң әлеуметтік желіде халықтық клуб пен оның қарсыластарының