//

Месси «Барселонаға» қайта оралу туралы шешім қабылдады ма?

73 рет қаралды
1

Фото: gettyimages.com, David Ramos

Аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Месси алдағы уақытта Барселона клубына қайта оралуы мүмкін деген ақпарат шетелдік бірқатар БАҚ-та тарады.

Испанияның Marca басылымына сілтеме жасаған Express дерегінше, футболшы бұл мүмкіндікті байыппен қарастырып жүргенімен, əзірге оның нақты уақыты мен қандай форматта жүзеге асатыны белгісіз.

Қазіргі таңда Лионель Месси АҚШ-тың MLS лигасында өнер көрсететін Inter Miami клубының сапында ойнап жүр. Ақпарат көздерінің мәліметінше, оның қазіргі келісімшарты 2026 жылы өтетін әлем чемпионатынан кейін аяқталуы мүмкін.

Мессидің «Барселонаға» қайта оралуы жөніндегі ықтимал жоспар кейбір тараптар тарапынан клубтағы президенттік сайлау науқандарымен байланыстырылған болатын. Алайда аргентиналық футболшы бұл қауесеттерді жоққа шығарып, клубішілік сайлауға араласпайтынын және ешбір кандидатты қолдамайтынын ресми түрде растады.

Лионель Месси клубтағы саяси тартыстардан тыс қалып, бейтарап ұстанымды сақтағысы келетінін атап өтті.

Қыркүйек пен қаңтар айлары аралығында Месси Барселона клубының үй стадионы – Spotify Camp Nou аренасына тосыннан барып, өзі үшін ерекше маңызы бар нысанды аралап шықты.

Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сапардың эмоциялық мәні зор болғанын айтып, стадион және клубпен байланысты естеліктердің әрдайым жүрегінде сақталатынын жазды:

 «Бұл орынды қатты сағындым… Бір күні мұнда тек қоштасу үшін емес, қайта ораламын деген үмітім бар», – деп жазды.

Мессидің жасаған сапары клуб басшылығы мен жанкүйерлер арасында үлкен əсер қалдырды. Себебі ол 2021 жылы «Барселонадан» кеткен кезде стадионда ресми қоштасу рəсімі өткізілмеген еді.

Алайда «Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта Лионель Мессидің командаға қайтадан ойыншы ретінде оралуын мүмкін емес деп бағалады. ESPN жəне өзге де шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол туындаған мəселеге қатысты былай деген:

«Месси біз үшін əрдайым аса маңызды тұлға. Дегенмен қазіргі клуб жағдайында оның ойыншы ретінде қайта келуі шынайы мүмкін емес», –  деді Лапорта.

Бұл мәлімдеме жанкүйерлердің үмітін біршама сейілткенімен, Барселона клубының басшылығы Лионель Мессидің клуб тарихындағы орнын ерекше атап өтіп, оған деген құрметтің өзгермейтінін жеткізді.

Қазіргі таңда Лионель Мессидің «Барселонаға» қайта оралуы нақты шешім ретінде қарастырылып отырған жоқ. Ойыншының клубқа деген сағынышы мен эмоциялық байланысы айқын болғанымен, клубтың бүгінгі қаржылық және спорттық жағдайы оның алаңға қайта шығуын қиындатады.

Осыған байланысты, Мессидің «Барселонаға» оралуы жүзеге асқан күннің өзінде, оның ойыншы ретіндегі камбэгінен гөрі символдық, құрмет сипатындағы форматта өтуі ықтимал деген болжам басым.

Амина Мелдебек

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар