//

Алмат Әділет Линцтегі әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы атанды

1166 рет қаралды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен

Қазақстандық дзюдошы Алмат Әділет Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде топ жарды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда әзірбайжандық Вусал Галандарзадені алып ұрды.

Алмат турнир барысында алты кездесу өткізіп, қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ. Іріктеу белдесулерінде Молдова, Бразилия және Эстония спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, өз тобынан үздік шықты.

Ширек финалда әзірбайжандық Омар Ражаблиді тізе бүктірсе, жартылай финалда сербиялық Василие Груичичтен басым түсті.

21 жастағы Алмат Әділет үшін бұл жарыс спорттық мансабындағы ең ірі жетістік.
Осылайша Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына екінші жүлде түсті. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шерзод Давлатов қола медаль жеңіп алған еді.

Биылғы Гран-при турниріне 59 елден 479 дзюдошы қатысып жатыр. Дүбірлі дода 8 наурызға дейін жалғасады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

АФК «Қайрат» есе жіберді

Чемпиондар лигасының ширек финалында «Қайрат» өз алаңында есе жіберді. UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы матчында