//

Руслан Құрбанов: Астанадағы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

58 рет қаралды
фото: Сали Сабиров. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі

Елорда төрінде семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов айтулы доданың күміс жүлдесін иеленді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ерлер арасындағы жекелей сында барлығы 277 спортшы бақ сынады. Руслан Құрбанов финалға дейінгі кезеңдерде әлемнің үздік семсерлесушілерін, соның ішінде екі дүркін Олимпиада чемпионы, жапониялық Коки Каноны (9:8) тізе бүктірді.
Русланның финалға дейінгі 1/32 финалда Дмитрий Швелидзені, (15:8) 1/16 финалда Филипе Фразао, Португалия (15:11) 1/8 финалде Мигель Фразао, Португалия (15:10) 1/4 финал: Коки Каноны Жапония (9:8)жеңді.
Ал 1/2 финалда Руслан Давид Надь, Венгрия (15:13) тізе бүктірсе, шешуші айқаста Украина өкілі Роман Свичкарьмен кездесіп, 12:15 есебімен жол берді.
Айта кетейік, Руслан осыған дейін, 2026 жылдың ақпан айында Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогында алтын тұғырдан көрінген болатын. Ертең Астанадағы турнир аясында командалық сайыстар басталады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар