//

Қазақстанда «Қалдықтарды басқару» халықаралық зертханасы ашылды

74 рет қаралды

Фото: www.gov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Қалдықтарды басқару» зертханасының ашылу рәсімі өтті. Жоба Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA)-мен бірлесіп жүзеге асырылды.

Салтанатты шараға Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған, сондай-ақ Қазақстанның салалық министрліктерінің өкілдері мен университет басшылығы қатысты. Эмине Ердоғанның сапары экология саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айқындады.

Өз сөзінде Эмине Ердоған зертхананың ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«TİKA қолдауымен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанынан ашылған зертхана нөлдік қалдық, тұрақты ауыл шаруашылығы, қалдықтарды басқару және айналым экономикасы бағыттарындағы маңызды бастамаларға жол ашады деп шынайы сенемін. Бұл маңызды бастама Түркия мен Қазақстан арасындағы бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға қызмет етсін», — деді Эмине Ердоған.

Фото: www.gov.kz

Басқарма төрағасы – ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Тіреуов зертхананың ашылуы университеттің жаңа буын мамандарын даярлау, қолданбалы зерттеулерді дамыту және заманауи экологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін кеңейтетінін айтты.

«Бүгінде Seifullin University аграрлық білім, ғылым және инновация саласындағы халықаралық орталық ретінде жаһандық деңгейге сенімді қадам жасап келеді. Жаңа зертхананың ашылуы мамандар даярлауға, экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты шешімдерді енгізуге қосымша мүмкіндік береді», — деді Қанат Тіреуов.

Зертхана экология, табиғатты пайдалану және агроэкожүйелер бағыттары бойынша студенттердің тәжірибеге бағытталған даярлығын дамытуға ықпал етеді. Мұнда студенттер қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату салаларында тәжірибелік дағдылар меңгеріп, ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға, ресурсты үнемдеу мен «жасыл» технологияларды енгізу шешімдерін әзірлеуге қатыса алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар