//

1 шілдеден бастап Ресей аумағына кіру талаптары өзгереді

31 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын Ресей Федерациясының аумағына кіру кезінде қосымша талаптардың енгізілгені туралы хабардар етеді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге еңбек қызметін жүзеге асыру немесе білім алу мақсатында баратын Қазақстан азаматтары үшін «Госуслуги RuID» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану енгізіледі.

Белгіленген тәртіпке сәйкес шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль құрып, Ресей Федерациясына кіру туралы электрондық өтінішті мемлекеттік шекараны жоспарланған кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы қажет.

Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады. Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады.

Министірлік Қазақстан Республикасы азаматтарына кіру талаптарымен алдын ала танысып, Ресей Федерациясына сапарларды жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар