/

Бірқатар шай өнімін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулер алынып тасталды

44 рет қаралды

Фото: gov.kz

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Orda Trade Astana» ЖШС-нің бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулерді алып тастады.

Шешім өнімнің өндірісі мен айналымының барлық кезеңдерінде сәйкестендіру мен қадағаланушылықтың қамтамасыз етілгенін растайтын материалдарды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары негізінде қабылданды.

Шектеулер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды.

Өнімдер тізбесіне мыналар енгізілді:

  • «Апамның шәйі Premium gold»;
  • «Орда Кения»;
  • «Аль-Кайрат шәйі Premium gold».

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/1013430?lang=kk

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар