/

Қазақстан ЖИ қабылдау деңгейі бойынша үздік 30 ел қатарында

68 рет қаралды

Фото:

Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлайды.

OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездесу өтті. Кездесу барысында OpenAI өкілдері Қазақстанда ЖИ пайдаланылуы туралы сараптамалық деректерді ұсынды.

Еліміз жасанды интеллектті енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына кіріп, Орталық Азияның басқа елдерінен айтарлықтай алда келеді: салыстырмалы түрде айтсақ, жаһандық рейтингте Қырғызстан 52-орында, ал Өзбекстан жан басына шаққандағы ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану бойынша әлемдік рейтингте 58-орынға ие болды. Бұл нәтижелер қазақстандық қоғамның озық ЖИ-құралдарын іс жүзінде қолдануға барынша дайын екенін айғақтайды.

OpenAI білім беру саласындағы халықаралық бағытының жетекшісі Валери ФОККЕ: «Қазақстан қазірдің өзінде жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатқан елдердің бірі болып табылады: мұнда ChatGPT-ді пайдалану деңгейі халықаралық өлшемдер бойынша жоғары, жастар ЖИ-дің белсенді пайдаланушысы, ал жалпы алғанда технологияларды қолдану ерлер мен әйелдер арасында тең бөлінген. Келесі қадам – адамдарға жасанды интеллектпен бұдан да көп пайда алуға көмектесу. Сондықтан, технологияларға қолжетімділік студенттер, оқытушылар және болашақ мамандарға нақты мүмкіндіктерге айналуы үшін біз жауапты ЖИ-құралдарын педагогтарды даярлаумен, жергілікті енгізумен және нәтижелерді талдаумен ұштастыра отырып, білім беру бастамаларын іске асыруда Қазақстанмен ынтымақтастық орнатып отырмыз» -деді.

Айта кетейік, OpenAI өкілдерінің бұл сапары Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі ұлттық жоба аясында өтіп жатыр. Осы бастамаға сәйкес, еліміздегі 165 мың педагог арнайы білім беру ұйымдарына арнап әзірленген ChatGPT Edu нұсқасына қолжетімділік алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Фото: gov.kz Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер