Жолаушылар пойыздар қозғалысын онлайн режимінде бақылай алады

73 рет қаралды

Фото: railways.kz

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Вокзалға барар алдында жолаушылар қазіргі уақытта пойыздың қай жерде екенін алдын ала тексере алады. Ол үшін tablo-railways.kz. сайтында «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» сервисі қолжетімді.

Онлайн-табло жолаушылар пойыздарының қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Картада құрамның ағымдағы орнын көруге, келу және кету уақытын тексеруге, маршрут бойынша станциялардың тізімін, тұрақтардың ұзақтығын және соңғы станцияға келудің болжамды уақытын көруге болады.

Мұндай қызмет, әсіресе, жолаушылар ағыны жоғары кезінде пайдалы. Жолаушылар жағдайды алдын-ала бағалай және вокзалға шығу уақытын дәлірек жоспарлай алады. Бұл артық күтуді болдырмауға  және сапарды ыңғайлы ұйымдастыруға көмектеседі.

Қызметті пайдалану үшін tablo-railways.kz сайтына кіру және картадан қажетті пойызды таңдау керек. Сондай-ақ, онлайн-таблоға bilet.railways.kz ресми сайт арқылы кіруге болады – «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» баннерін басу жеткілікті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Фото: gov.kz Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер