//

Халық табысын арттырудың жаңа жоспары әзірленді

61 рет қаралды

Фото: t.me

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанда азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 2026-2029 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар қабылданды. Жаңа құжат алты негізгі бағыт бойынша 59 нақты іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жоспарланған шаралардың қатарында халықтың жалақысын көтеру, инфляция деңгейін төмендету, азаматтардың нақты табысын өсіру, адами капиталды дамыту және жұмыспен қамту көрсеткішін арттыру сияқты маңызды міндеттер бар. Сондай-ақ елде сапалы жұмыс орындарын ашу, жүйелі салықтық және әлеуметтік қолдау шараларын енгізу, халықтың борыштық (кредиттік) жүктемесін азайту және қаржылық белсенділігін жақсарту мәселелеріне ерекше басымдық берілген.

Ауқымды құжаттың негізгі мақсаты — қазақстандықтардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту болып табылады. Мұнымен қоса, мемлекет бұл процеске жеке секторды тартуды жандандыруды, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуді және ел экономикасы өсімінің инклюзивті моделін қалыптастыруды көздеп отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар