/

Жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздарына интернет қосылады

53 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Көлік министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында жолаушылар үшін маңызды жаңалық жарияланды. «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың мәлімдеуінше, еліміздегі негізгі жолаушылар пойыздарын жаздың соңына дейін спутниктік интернет желісіне толық қосу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл ауқымды жоба алдымен ұлттық тасымалдаушының құрамдарын қамтиды.

Бүгінгі таңда спутниктік интернет «Нұрлы жол — Семей» пойызында сәтті іске қосылған. Сонымен қатар қазіргі уақытта «Алматы — Павлодар», «Павлодар — Түркістан» және «Нұрлы жол — Атырау» бағытындағы құрамдарға арнайы терминалдар орнатылуда. Бұған дейін бұл технологияның тиімділігі «Астана — Алматы» және «Астана — Өскемен» бағыттарында сынақтан өткен болатын. Пилоттық жобалар аясында «Eutelsat OneWeb» және «Starlink» жүйелері пайдаланылып, жаңа технологияның техникалық мүмкіндіктері толық дәлелденді. Жаңа жүйе жолаушылардың жол бойы сапалы байланыста болуын қамтамасыз етпек.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар