«Индербор – Орал» жаңа теміржолы салынады: Көлік министрлігінің жоспары

50 рет қаралды

Фото: pixabay.com

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Қазақстан халықаралық көлік дәліздерінің қуатын белсенді түрде арттырып келеді. Бүгінде біздің еліміз құрлықтағы жүктердің 80%-ының Қытайдан Еуропаға өтуін қамтамасыз етеді. Үкімет отырысында көлік дәліздерін дамыту және кен орындарына жаңа жолдар мен терминалдар салу жоспарлары туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша транзиттік тасымал отандық теміржол саласының басты драйверіне айналды. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 20 миллионнан 33 миллион тоннаға дейін өсті. Алдағы міндет — транзит көлемін 2030 жылға қарай екі есе арттырып, 67 миллион тоннаға, ал 2040 жылға қарай 100 миллион тоннаға жеткізу.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін ел ішінде және шетелде терминалдық инфрақұрылым жоғары қарқынмен дамып жатыр. Қазіргі уақытта маршруттар бойында жеті терминал жұмыс істеп тұрса, қосымша тағы 7 нысанның құрылысы жүруде. Бұл шаралар «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында бірыңғай логистикалық желіні қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ірі кәсіпорындар мен кен орындарына апаратын жолдарды жаңғыртуға ерекше назар аударылмақ. Перспективалы жобалардың тізіміне Қарағанды облысы Қарағайлы ауданындағы кен орындарының жолдарын жаңарту және Батыс Қазақстанның дамуына қуатты серпін беретін «Индербор – Орал» жаңа теміржол желісінің құрылысы енгізілген.

Инфрақұрылымды дамытумен қатар теміржол саласын цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыстар қолға алынды. Сектордың барлық негізгі нысандары бойынша бірыңғай «деректер көлі» (Data Lake) қалыптастырылып жатыр. Алдағы уақытта жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауға негізделген «Smart Rail» жүйесі енгізілмек. Көлік министрі бұл жаңашылдық басқару тиімділігін арттырып, тасымал шығындарын азайтуға және теміржол желісіндегі қауіпсіздік деңгейін едәуір көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар