Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

63 рет қаралды

Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министр Нұржан Нұржігітов Парламент Сенатының отырысында инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы мен трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы жұмыстарды баяндады. Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында елде 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 нысанды реконструкциялау, сондай-ақ 14,5 мың шақырым суару каналын жаңғырту көзделген.

Қазіргі таңда үш жаңа су қоймасының құрылысы басталып, Түркістан облысында тағы екі нысанның жұмысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар министрлік бес су қоймасын реконструкциялауды аяқтады, ал қалған нысандар бойынша жобалық құжаттар әзірленіп жатыр. Каналдарды жаңғырту бағытында бүгінге дейін 1,5 мың шақырым жұмыс істеліп, биыл тағы 4,6 мың шақырым каналды жаңарту қолға алынды.

Ведомство басшысының айтуынша, су қоймаларын салу, каналдарды автоматтандыру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу есепті кезеңде, яғни 2030 жылға қарай шамамен 10 млрд текше метр суды үнемдеуге және қосымша жинақтауға мүмкіндік береді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар