/

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 3611 өтінім түсті

84 рет қаралды

Фото: gov.kz

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті. Бұл отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалардың қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде 2024 отбасы өз еркімен қатысуға өтінім берсе, 1583 отбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастамасымен байқауға қосылды.

Ең көп өтінім Қарағанды және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан түсті.

Конкурс екі кезең бойынша өтеді. Алдымен аудандық және қалалық деңгейдегі комиссиялар құжаттарды қарап, облыстық кезеңге жолдама алатын отбасыларды анықтайды. Одан кейін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және елорда комиссиялары республикалық кезеңге қатысатын жеңімпаздарды іріктейді.

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында Отбасы күні қарсаңында өтеді.

Ұлттық конкурс дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға және оның қоғамдағы орнын айқындай түсуге бағытталған. Байқау өткізілген жылдар ішінде оған Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар