Фото: kazjudoteam
Қытайдың Циндао қаласында өткен дзюдодан халықаралық Гран-при турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Ғұсман Қырғызбаев күміс медаль жеңіп алды.
Жарысты сәтті бастаған отандасымыз финалға дейінгі қарсыластарының бәрін тізе бүктірді. Тек бас жүлде үшін өткен тартысты шешуші белдесуде ғана есе жіберді.
Бұл жетістік дзюдошымыздың әлемдік рейтингтегі ұпайын еселеп, жаңа олимпиадалық циклдегі алғашқы маңызды табыстарының бірі болды.
Парақшамызға жазылыңыз
