Фото: KZgovernment
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысының атынан танымал шахматшы Бибісара Асаубаеваға жоғары мемлекеттік награда табысталды.
Шара барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық гроссмейстерге II дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде тапсырды.
Бибісара Асаубаева – халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақ спортшы. Ол блицтен үш мәрте әлем чемпионы атанып, бұл беделді бәсекеде жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.
Айта кетейік, жуырда ғана отандық шахматшы Норвегияда өткен атақты Norway Chess супертурнирінде топ жарып, өз қоржынын тағы бір жарқын жеңіспен толықтырды.
Парақшамызға жазылыңыз
